ҚР ҰҚК Шекара қызметінің БҚО бойынша департаменті, әскери қызметшісі сержант Нұрлыбек Иманбаев лотореядағы 6 767 100 теңге ұтысын қайырымдылыққа жұмсады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Нұрлыбек Иманбаев «AVTO LOTO» лотореясынан құны 7 519 000 теңге тұратын 2018 жылғы «Hyundai Accent» маркалы автокөлігін жеңіп алған.
Әскери қызметші өз қалауы бойынша автокөлікті алудан бас тартып, жеке табыс салығын шегергенде (10% - 751 900 құрайды) ұтыс құнын ақшалай баламада алуды жөн көріпті.
Жеңіп алған барлық сомманы сержант Нұрлыбек Иманбаев Алматыдағы қақтығыс кезінде қаза болған курсанттардың отбасыларына 500 000 теңгеден материалдық көмек көрсету үшін жіберуге шешім қабылдаған.
Сонымен қатар, ауыр науқас Бекжігіт Бекболатұлының отбасына Мәскеудегі қымбат клиникада емделу үшін 1 000 000 теңге қаражатты берген.
Қалған 4 767 100 теңге соммасын БҚО Бөкей ордасы ауданының Бисен ауылы тұрғындарының төмен жағдайда қамтылған мұқтаж отбасыларға тұрғын үй сатып алу үшін «Харекет» қайырымдылық қорына аударды.