2022 жылға маслихаттың шешімімен асыл тұқымды мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағдарламасы бойынша 580 млн.теңге бөлінді. Бұл туралы Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қазбек Тәшімов хабарлады.
- Оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға 391,6 млн.теңге, етті және етті-сүтті мал шаруашылығына 14,7 млн.теңге, қой шаруашылығына 29,2 млн.теңге, етті құс шаруашылығына 142,8 млн.теңге, жұмыртқа құс шаруашылығына 180,0 мың,теңге, бие сүтін өндіру және өңдеуге 500,0 мың.теңге және түйе сүтін өндіру және өңдеуге 500,0 мың.теңге қарастырылған, - деді басқарма басшысы.
Облыста мал азығын сататын кәсіпкерлермен, шаруалармен аталған жем-шөп бағасы мәселелері бойынша күнделікті тікелей байланыс жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Айта кетейік 2021 жылы мал шаруашылығы бойынша «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыру бағыты негізінде бюджеттен бөлінген 127,8 млн. теңгеге 80 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері субсидияланған.