Облыстағы инфекциялық стационарларда жатқан науқастар саны көбейді. Бұл туралы Маңғыстау облысы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асқар Сағымбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, өңірде тұрғындарға инфекциялық 10 стационарда 383 төсек дайындалған.
- Стационарларда науқастар саны 10 қаңтарда 48 адам болса, бүгінгі күні олардың саны 130 адамға, яғни 2,7 есеге дейін өсті. Оның ішінде жүкті және босанған әйелдер 16, балалар 11. Оттегі көмегімен 45 науқас демалуда, науқастардың орташа жасы 34,69 жалпы төсек орын толымдылығы 34%.
Реанимациялық төсек саны 46, онда 19 адам емделуде. Оның 10-ы ауыр, 9-ы қатаң жағдайда. Төсек орын толымдылығы 41,3% құрайды,- деді Асқар Сағымбаев.
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында коронавирустық инфекциясы бар науқастарға арналған 105 мобильді бригада жұмылдырылған. 48 мобильді бригада резервте тұр. Жыл басынан өңір тұрғындарынан 734 шақырту түскен, оның ішінде КВИ – 6, пневмония – 7, ОРВИ 115.
Айта кетейік, өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус инфекциясына шалдыққан – 53 жағдай тіркелген.
Оның ішінде Ақтау - 41, Жаңаөзен – 7, Маңғыстау –1 , Бейнеу - 2, Мұнайлы ауданында - 2 жағдай тіркеліп отыр.