23 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен соғатын жел шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты МО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ал Ақтау қаласында көктайғақ болуы мүмкін. Солтүстіктен соғатын жел шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Егер сіз ауа райында көктайғақ хабарлама естісеңіз, сақтықпен қозғалыңыз және жарақат алмауға шара қолданыңыз. Көктайғақта абай болыңыз!
Дауылды жел қаупі туған кезде: балкондарыңызға тексеріс жүргізіңіздер. Барлық жеңіл және көлемді заттарды бекіту керек немесе бөлмеге кіргізу керек. Жеке автотранспорттарды ағаштардың жанынан және ескі құрылғылар маңынан алып тастау қажет. Балаларды қараусыз тастамауды бақылауға алу. Қатты жел кезінде үйлердің жанында тұрмаңыз, себебі шатырлар және басқа құрылғылар ұшып түсуі мүмкін.