Облыс әкімдігінің телеграм каналына сауал жолдаған кез-келген тұрғынның өтініші ескерусіз қалмайды. Қоғамдық коммуникация орталығының хабарлауынша, осы уақытқа дейін тұрғындар тарапынан түскен 2532 сұраққа дер кезінде жауап берілген. 14 желтоқсан күні телеграм чатқа Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылының тұрғыны жол мәселесіне қатысты сұрақ қойған болатын. Тұрғынның айтуынша, Маңғыстау ауылындағы тротуардың күл талқаны шыққан. Жолды жөндеп, қадағалайтын ешкім жоқ, дейді желі қолданушысы. Бұл сұраққа Маңғыстау ауылының әкімі Әлібек Өтегенов жедел жауап қайтарды. Ауыл әкімінің айтуынша аталған жаяу жүргінші жолы ауыл ішілік кәріз желісінің құрылысын салу кезінде бүлінген екен. Енді оны құрылыс мекемесі өз есебінен қалпына келтіріп береді.
СНХ: Ақсән Әбиева, МО ӘА «Қоғамдық коммуникация орталығы» КММ мониторинг бөлімінің маманы
- Қазіргі таңда облыс әкімдігінің telegram каналына 7059 адам тіркелген. Чат ашылғалы 2543 адамнан сұрақ келіп түскен. Оның 2532-не мемлекеттік орган өкілдері жедел жауап берді. Қалғандарына алдағы тәулікте жауап қайтарылады. Жалпы соңғы уақытта жылыту жүйесіне қатысты сұрақтар көп түсіп жатыр.