Маңғыстау тәжірибелік-ботаникалық бақ мамандары – 10 градус аязға шыдайтын 3 түрлі пальма ағашын сынақтан өткізіп жатыр. Бұл туралы Сәкен Ділдахмет фейсбук парақшасына жазды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, бір жыл бұрын ботаникалық бақта анар, зәйтүн, оливка, зәйтүн, лавр, темір ағашы, магнолия, розмарин сияқты субтропикалық өсімдіктерді интродукциялау жұмыстары басталды. Биыл 12 көшеттің екеуі ғана қыстан шықпады, қалғандары өсіп жатыр, тәжірибелік жұмыстар жалғасуда.
Мұндай тәжірибелік жұмысқа соңғы жылдары климаттық өзгерістер әсер еткен. Соңғы 10 жылдағы климаттық көрсеткіштердің талдауы бойынша Маңғыстауда 286 тәулікте орташа температура +10 градус сақталады. Мұндай климаттық көрсеткіш Маңғыстауға термофильді өсімдік түрлерін өсіруге мүмкіндік береді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Сурет фейсбуктен алынды