11 қараша күні «Отбасылық үлгідегі балалар ауылында» «Отбасы – қуатты мемлекеттің іргетасы» жобасының аясында «Мен болашақта» тақырыбындағы тұлғалық дамудың оқыту курсы өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оқыту курсына «Отбасылық үлгідегі балалар ауылының» 18 жастағы 20 жас қатысты. Курс мақсаты – NEET санатындағы жастарды қоғамға тарту, NEET санатындағы жастарды психологиялық тұрғыда жұмыс жасау, курс арқылы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, оқыту курсы арқылы жастардың болашаққа деген жарқын көзқарастарын қалыптастыру, отбасы институтын дамыту мақсатында тәрбие негіздерін нығайту.
Курс барысында жастар өзін таныстырудан бастап, өзін толғандырып жүрген мәселелерімен бөлісті. Психолог Назыхан Мырзахановна жастарды қоғамға тарту, жұмыс жасауға ынталандыру жұмыстарын жүргізді. Курс соңында әрбір қатысушыға сертификат табысталды.