Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында салынып жатқан Сәби Атабайұлы мешітіне күмбез орнатылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешіті баспасөз қызметінің мәліметінше, Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы қазығын қаққан құлшылық үйінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мешіттің күмбезі орнатылды.
Айта кетейік, Сәби молда Атабайұлы көп жыл бойы Маңғыстау өңірінде діни қызмет атқарған молда, ағартушы ұстаз. Елге танымал Шихы ахун, Рахметулла ахун, Алданазар ахун, Қазақ ишан сынды азаматтардың шәкірті болған. 1985 жылы Жаңаөзен қаласының алғашқы имамы болып сайланған.