Кеше Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «Шелл» компаниясының Қазақстандағы делегациясын қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Екі жақты кездесуде Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жаңғыруына елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. Облыс әкімдігі кез келген бірлескен бастамаларды қолдауға дайын.
«Шелл» компаниясының Вице-президенті Херман Бурмейстер аймақ басшысына Маңғыстау облысы мен компания арасында ынтымақтастықтың түрлі жолдарын қарастыруға дайын екендігін жеткізді.
Айта кетейік, өңірде Хайдельберг Цемент (Германия), Шлюмберже (АҚШ), Тоталь (Франция), Халлибертон (АҚШ), Тенарис (Италия) сияқты ірі шетелдік трансұлттық компаниялар өз қызметін табысты жүзеге асыруда. Инвесторлар мұнай өңдеу, мұнай сервисі, көлік логистикасы, агроөнеркәсіптік кешен, туризм, жаңартылатын энергетика сынды экономиканың негізгі салаларына үлкен қызығушылық білдіріп отыр.
Соңғы 5 жылда Маңғыстау облысына 3,5 млрд доллар шетелдік инвестиция тартылды.