Ақтауда мектеп мұғалімдері коронавирусқа қарсы толық екпе алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгінде облыс орталығында 39 (25 мемлекеттік, 1 кешкі, 11 жеке меншік) жалпы білім беру мектебі бар.
Олардың алуға тиісті 2 415 қызметкері толығымен коронавирустық инфекцияға егіліп, 99,5 пайызды құрады. Осылайша, педагогтар жаңа оқу жылына тас-түйін дайын.
«Мұғалімдер екпені ерікті түрде мамыр айынан бастап ала бастады. Олар балалармен тікелей қарым-қатынаста болатындықтан егу жұмыстары қарқынды жүргізілді. Биылғы оқу процесі санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып ұйымдастырылады. Мектептерде дезинфекцияның 4 сатылы сүзгісі, желдету, кварцтау, ылғалды жинау режимі күшейтіледі», - дейді Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Бағдат Тұрғанбаева.
Биыл жаңа оқу жылында қала мектептері 50 мыңнан аса оқушыны қабылдамақ, оның ішінде 6 150 бала бірінші сыныпқа қадам басады.