Маңғыстау облысында кеше коронавирус сырқатынан 390 адам емделіп шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
10 тамыздан бастап бүгінгі күнге дейін 1130 маңғыстаулық сырқатынан жазылып шықты.
Қазіргі уақытта стационарларда 1 111 науқас емделіп жатыр. Облыста кеше 152 адамнан коронавирус анықталып, 8 адам қайтыс болды.