Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жарақат алған жазасын өтеушілердің хәлін сұрап білді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой төтенше жағдай нәтижесінде ауыр дене жарақатын алып, Маңғыстау облыстық ауруханасына жатқызылған жазасын өтеушілердің хәлін сұрап білді. Министр олардың қазіргі жағдайын сұрап, дәрігерлермен тілдескен соң науқастарға тездетіп сауығып кетуіне тілектестігін жеткізді.
Еске сала кетейік, уақытылы медициналық көмек көрсету үшін сотталғандар шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, жатқызылған болатын. Қазіргі таңда жарақат алғандар дәрігерлердің бақылауында. Бір науқастың жағдайы тұрақты ауыр күйде, ал қалған үшеуі түрлі деңгейдегі жарақат алған. Медициналық көмек толықтай көрсетіліп жатыр.