Маңғыстау облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Отпан» Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы »қоғамдық шара қорының ұйнідалаы
Шараға «Жусан» репатрианттары және олардың балалары қатысты. Мақсаты - балалардың санасында «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін қалыптастыру. Сондай-ақ қоғамға бейімдеу және әлеуметтендіру жұмыстарын сапалы жүргізу. Сонымен қатар балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін және жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
«Бүгінгі күн - ерекше, мағынасы зор күн. Бүгін - Халықаралық балаларды қорғау күні. Сіздерді осы мейраммен шын жүректен құттықтай отырып, ибалы, инабатты, білімді, тәрбиелі болып өсулеріңізді тілеймін. Бүгін сіздер үшін көңілді де қызықты мереке ұйымдастыруға тырыстық. Біздер үшін басты байлық - сіздердің күміс күлкілеріңіз бен шат-шадыман көңіл-күйлеріңіз », - деді" Отпан "Ақпараттық-түсіндіру және оңал ортманалығыы оалту ортманалығыы қоалту ортманалығыы оы
Осы ретта ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы, облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Әнуар Ізімбайұлы «Бал болашаға - бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгіні мен ертеңін жалғастыратын алтын көпірі, асыл мұраты іспеттес», - деген құттықтау сөзін жеткізді.
Ұйымдастырушы тарапынан балаларға арналған аниматорлық ойындар мен сайыстар қойылды. Мереке соңында балаларға сусындар мен тәттілер беріліп, түрлі сыйлықтар үлестірілді.
Мейіржан Туманов,
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН