Мұнайлы ауданы құрылғалы халық саны 3,1 есе өскен. Бұл туралы Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте айтты.
«2007 жылы аудан құрылғанда 53,4 мың халық бар еді. Қазір халық саны 3,1 есе артып, 175,5 мың адамға жетті. Тұрғындардың басым бөлігін тарихи Отанына оралған қандастарымыз құрап отыр», - деді Рахат Елтизаров.
Аудан тұрғындарының саны табиғи өсім негізінде де артуда. Мәселен, Мұнайлыда жылына орта есеппен 4 мың сәби дүниеге келеді. 2007 жылы 1400 сәби дүниеге келсе, 2020 жылы бұл көрсеткіш 4 есе артып, жылына 4900 сәби жарық дүние есігін ашты.