Маңғыстауда халық санағына дайындық кезеңі 1-30 маусым аралығында өтеді. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы статистика департаментінің басшысы Римма Утюшева мәлім етті.
Оның айтуынша, өңірдегі халық санағының дайындық кезеңі облыстың барлық елді мекендерінде жүргізіледі. Жауапты тіркеушілер әрбір елді мекендегі тұрғын үйлерді аралап тізімдерді нақтылайды.
«Мұндай тізімдер қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарын екінші кезең санағына дұрыс әрі біркелкі бөлу үшін қажет. Сондай-ақ, бұл санақ кезінде тұрғындар есебін толықтай қамтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта уақытша санақ қызметкерлерін тарту және оқыту жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Оған 1 кезең интервьюерлері мен нұсқаушы-интервьюерлер тартылады. 1 кезеңде барлығы 240 интервьюер мен 34 нұсқаушы алынады», - деді Римма Утюшева.
Айта кетейік, нысандарды аралау кезінде интервьюерлер өздерін таныстырып, тегін және санақ куәлігін көрсетуі керек. Сондай-ақ өзінің келудегі мақсатын қысқаша түсіндіріп, үй-жайда тұратындардың санын сұрауы қажет. Халық санағының негізгі кезеңі 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі аралықта өтеді. Оған онлайн және дәстүрлі түрде қатысуға болады.