© Фото скриншот
Ақтауда 18.04.2021 түні болған рейд кезінде түнгі 24:00-ден кейін де жұмысын жалғастырған «Extra Club» бары және «Cherish Bar» лаундж-барында адам толы екені анықталды. Маскалық режим мен әлеуметтік арақашықтық мүлдем сақталмаған. «H2O» түнгі клубы санитарлық талапты мүлде ескермеген.
Осы және өзге те тәртіп бұзушылықтар ресми түрде тіркелді. Нысан иелеріне хаттама толтырылды. Әрі қарай тиісті шара қолдану үшін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына жолданды.
Мониторинг тобының өкілдерінің айтуынша, кәсіпкерлік субъектілерінің басшыларына санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзу бірнеше рет қайталанған жағдайда, ҚР қолданыстағы заңнамасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін уақытша тоқтату шарасы қолданылады.
Алдағы уақытта да карантинді сақтау бойынша мобильді топ өз жұмысын жалғастырады. Полиция қызметкерлері, әкімдік өкілдері, маслихат депутаттары дүкендерді, сауда орталықтарын, мейрамханаларды және басқа да кәсіпкерлік субъектілерді тексереді.