Маңғыстау облысы бойынша Инвестициялар және туризмді дамыту басқармасының басшысы В.Мұстапаева, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы А.Жанаева, Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Қ.Мырзағали мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры А.Демеуова «Бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жиында кәсіпкерлік субъектілері мен квазимемлекеттік секторларда ISO:37001 стандартын енгізу тәртібі бойынша мәселелер қаралды.
Кездесу барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Қ.Мырзағали кәсіпкерлікті дамыту және қорғау әрқашан ел басшылығы саясатының негізгі бағыты екенін және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір жобалары осы бағытта жұмыс жасайтынын атап өтті. Сондай-ақ, 2018 жылдан бері осы бағытта «бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы жұмыс істейтінін атап өтті, делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты күшейту ұсынылды.