Тұрғындар мәселесін барынша қамту және шешу үшін Маңғыстау полицейлері азаматтарды Бірыңғай қабылдау күнін өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшысы полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев ведомствоның фронт-офисінде азаматтарды қабылдады. Ал шалғай елді-мекендердің тұрғындары "ZOOM" интернет-платформасы арқылы байланысты.
Жанарбек Төлеубекұлы атап өткендей, іс-шара халықпен кері байланысты қамтамасыз ету, олардың проблемалық мәселелерін шешу, сондай-ақ "еститін" мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде полицияға сенім деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі. Бейнеконференция байланысы форматында азаматтар шағымдармен, өтініштермен және тілектермен жүгіне алды. Қала тұрғындарын негізінен қылмыстық істерді тергеу, жол қозғалысын ұйымдастыру және басқа да мәселелер қызықтырды. Қосымша зерттеуді қажет ететін істер материалдарын Департамент басшысы жеке бақылауға алды. Бірқатар нақты фактілер бойынша басшыларға әрбір өтініш пен шағымды егжей-тегжейлі қарау бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Департамент бастығы 20-ға жуық азаматты қабылдады, оларға туындаған мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
Бұл күні қалалық және аудандық полиция бөлімдері мен басқармаларының басшылары да тұрғындарды аумақтарында қабылдады.
Айта кету керек, өңірдегі полиция департаменті бөліністерінің фронт-офистерінде жұмыс қайта жанданды.