29 наурыз күні желіде әлеуметтік ахуал тудырған №15 “Өркен” балабақшасында туындаған жағдай бойынша Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Өркен» балабақшасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 2018 жылы ашылған. Сыйымдылығы - 280 орын. 240 орынға мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік тапсырыс алып, 57 маман қызмет етіп жатыр.
Комиссия отырысында жағдай заңнамалық тұрғыдан сарапталып, ата-аналар пікірі тыңдалды. Келіспеушілік балабақша әкімшілігі мен мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік тапсырыс алып отырған ата-аналар арасында туындаған болатын. Негізгі себеп ата-ананың ай сайынғы жарнасының 4 мың теңгеге өсетіндігі болды.
Комиссия мүшелері жиналыс қорытындысы бойынша келесідей шешім қабылдады: