Облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Б.Т. Орынбасаровтың төрағалығымен Маңғыстау облысын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі Өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аталған отырыста мемлекеттік заттай гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің 6 жаңа инвестициялық жобасы қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша шешім қабылданды:
Төмендегі кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау нысандарын қолдану мүмкіндігі мақұлдансын:
1. «Ясин» медициналық орталығы ЖШС – «Мұнайлы ауданында медициналық орталық салу»;
2. «ArR plus» ЖШС – «JAQSY» спорт кешенін салу және пайдалану»;
3. «RK FORMAT» ЖШС – «Өзге де негізгі бейорганикалық химиялық заттар өндірісі»;
4. «Jarqyn медициналық орталығы» ЖШС – «Ақтау қаласында медициналық орталық салу»;
5. «Партнер LTD» ЖШС – «Азық-түлік тауарларын сақтауға арналған қоймалар салу».
Сондай-ақ, Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.