• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 23 Сәуір 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қайролла Ережепов пен Бітім Кезбаев «Маңғыстау Медиаға» арнайы келді...

«Шеберханадағы бір күн»: Қоғам белсенділері пікір алмасты...

Есенғали Раушанов Маңғыстауға келгенде (ФОТО)...

«КазАзот» мекемесінің 40 қызметкері вакцина салдырды (ВИДЕО)...

Ақтауда «Grandmart» сауда желісі ашылды...

  • USD: 432.21 ₸
  • EUR: 520.38 ₸
  • RUB: 5.67 ₸

Маңғыстау өнерінің мерейтой иелері

8 наурыз, 14:46  |  Маңғыстау жаңалықтары

Маргарита ОМАРОВА. Абай атындағы мәдени­-демалыс кешені директорының шығармашылық ұйымдастыру жөніндегі орынбасары Маргарита Омарова 1987– 1989 жылдары Астрахань қалалық тамақтану өнеркәсіптік-­технологиялық техникумын аяқтап, еңбек жолын техник­-технолог қызметінен бастаған. Маргарита Әміржанқызы 2004 жылы облыстық филармонияда вокал студиясында әдіскер және актерлік шеберлік сабағынан дәріс берді.

Маргарита Әміржанқызының режиссерлығымен 2009 жылы «Үрей мен үміт» театралдық қойылымы, 2016 жылы «Жаңа жоба, жаңа есім» телеарналық шығармашылық жобасы, 2019 жылы «Шабыттан! Жаса! Жарқыра!» телеарналық шығармашылық мега жобасы, 2020 жылы «Дауыс 40+» телеарналық шығармашылық мега жобасы эфирге шықты.

«Мұнайлы ауданына 10 жыл», Абай атындағы МДК 45 жылдық мерейтойына орай алғыс, «Ақтау қаласының 55 жылдығы» төсбелгісінің иегері Маргарита Омарова – шаңырағында 5 бала, 6 немере өсіріп, тәрбиелеп отырған берекелі отбасындағы аяулы ана, асыл жар, бақытты әже.

Эльмира САЛИХОВА

Маңғыстау облыстық қуыршақ театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Эльмира Салихова 1990–1993 жылдары Атырау қаласы мәдениет училищесінің көпшілік жұмысы режиссері бөлімін бітірген. 2003 жылдан бастап Маңғыстау облыстық қуыршақ театрында режиссердің көмекшісі қызметін атқарып келеді.

2011–2015 жылдары Қырғызстанның Бішкек қаласындағы Бейшеналиева атындағы «Өнер және Мәдениет» университетінің драма режиссері бөлімін бітірген Эльмира Шадатқызы 2016 жылы театрдың 35 жылдығына орай, театр қайраткерлері одағының атынан алғыс хатпен марапатталған.

2019 жылы «Еңбекті қорғау қауіпсіздігі» бағдарламасы бойынша дәріс алды. Қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысады. Ұжымдастар арасында сыйлы.

Майра БАҚБЕРДИЕВА

Екі мәрте «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясының иегері атанған театр іргетасын қалаушылардың бірі Майра Бақбердиева 1981 жылы 1 мамырда Қызылорда облысында дүниеге келген.

2003 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының музыкалық драма театр әртісі мамандығы бойынша бітіріп шыққан Майра – сол жылдан бері Маңғыстау облыстық Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының шебер әрі жетекші маманы.

Альт дауысты Майра – қазақ аналарының образын шебер сомдайтын, өз ісіне жауапты, берілген рөлдерін межесіне жеткізе орындайтын шебер актриса. Әйел психологиясының нәзік тұстарын көрерменге жеткізе білетін шеберлігімен ерекшеленетін Майраның дауысы ырғақты, сахналық тілі тұнық. Қала, облыс, республика көлеміндегі көптеген қоғамдық шараларды ұйымдастыруға белсене атсалысады.

Майра Сәрсенқабылқызы Қазақстан театрларының XVI республикалық фестивалінің «Ең үздік әйел бейнесі» номинациясының иегері атанып, ҚР мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен марапатталды.

Сахнада У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» пьесасында Джульеттаның сүт шешесінің, Ш.Айтматовтың «Ана – Жер Ана» туындысында Толғанайдың, Н.Гогольдің «Ревизор» қойылымында Анна Андреевнаның, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» пьесасында Фармон бибінің т.б үлкенді­-кішілі рөлдерді сомдап шыққан Майра Сәрсенқабылқызы – көрермендерге жақсы танымал өнер иесі.

Ғалия ТІЛЕГЕН

Моңғолия Республикасының Улан-­Батыр қаласында дүниеге келген Ғалия Тілеген 1999 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына түсіп, 2003 жылы кино және театр әртісі мамандығын алып шықты. Ғалия – 2003 жылдан бері Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының шебер әртісі.

Ғалия – өзінің жұмысына тиянақты, жауапкершілігі мол, өзіне берілген рөлдерді сомдау кезінде табандылық пен тапқырлық таныта білетін жан. Оның шығармашылық деңгейі күннен-­күнге өсуде. Сонымен қатар театрдың қоғамдық жұмыстарына да белсене атсалысады. Көптеген негізгі рөлдерді сомдаумен қатар шынайы, терең межесіне жеткізе білетін амплуасы кең, комедиялық нотасы жоғары бірегей, адал, шыншыл, актриса.

Ғалия өнердегі еңбегі үшін мәдениет басқармасының «Актерлік шеберлігі үшін» алғыс хатымен, Қазақстан театр қайраткерлері одағының Құрмет грамотасы т.б марапаттарға ие болды.

Ол – 20­дан аса рөлдерді сомдаған актриса және оның басым бөлігі басты рөлдер. С.Назарбек «Ақбөбек» – Дина, Т.Әліпбаев «Томирис» – Жолбарыс, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Сатты т.б.

Гүлсина МЕРҒАЛИЕВА

Маңғыстауда Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық драма театры ашылған күннен жас өнер ордасының іргетасын қалаушылардың бірі саналатын Гүлсина Мерғалиева Ресейдің Саратов облысында туған. Атажұртына қызмет етуді армандаған Гүлсина Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсіп, оны үздік бітірген соң еңбек жолын Көкшетау театрында бастаған өнерпаз Елбасы тапсырмасымен Ақтауда театр ашылған күннен бері театрдың бас режиссері және көркемдік жетекшісі қызметтерін қоса атқарып, жоғары кәсіби біліктілігінің арқасында көптеген шығармашылық жетістіктерге жетті.

Гүлсина Бақытжанқызы «Тарлан» сыйлығы, «Шабыт» VII халықаралық фестивалінде гран­-при, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағына ие. Театрдың республикадағы алдыңғы қатарлы өнер ордасы қатарына қосылуына зор үлесін қосып жүрген өнерпаз осы жылдың қаңтар айында Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының директоры қызметіне тағайындалды.

Елена СИНИЦА

Абай атындағы мәдени­-демалыс кешені «Колибри» театр­-студиясының жетекшісі, мәдениет саласының үздігі Елена Анатолиқызы Синица – 1983 жылдан бері Абай атындағы мәдениет сарайында саяси-­көпшілік бөлім меңгерушісі, көркемдік бөлім жетекшісі, көркемдік басшы, бас директордың орынбасары, «Колибри» театр­студиясы үлгілі ұжымының жетекшісі қызметтерін атқарған мәдениет майталманы.

Биыл алпыстың асқарына шыққан Елена Анатолиқызы ұзақ жылдар бойғы жемісті еңбегі үшін 2000 жылы «Мәдениет қайраткері» атағымен, 2013 жылы «Маңғыстау облысына 40 жыл», «Ақтау қаласына 50 жыл» медалімен, 2016 жылы Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2008 жылы «Littlemissworld», «Model&TalentWorld» балалар байқауының халықаралық қазылар алқасының құрамына еніп және 2012, 2015, 2017 жылдары «Үздік ұлттық директор», 2018 жылғы халықаралық байқаулардың «Қазақстандық ұлттық директор» лицензиясын және сертификатын қорғап, «Little miss world» Греция, «Model &Talent World» Түрік елі, «Little miss & mister planet» Болгария, «Littlemissnations» Бразилия елдерінің абырой-­атақтарын иеленді.

Нэйла АРЗЫМБЕТОВА

М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының аспапшы әртісі, камералық ансамбльдің көркемдік жетекшісі, кіші симфониялық оркестрдің концертмейстері Нэйла Арзымбетова 1989–1994 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын скрипка мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Еңбек жолын 1994 жылдан бастап мәдениет саласына арнаған Нэйла Асубекқызы 2009 жылы Маңғыстау облысы әкімінің арнайы шақыртуымен Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында кіші симфониялық оркестр әртісі қызметін атқарып келеді.

2013 жылы Маңғыстау облысы әкімінің және Маңғыстау облысы әкімінің аппарат басқармасының алғыс хатымен, 2016 жылы М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының 40 жылдығына орай Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Үміт ЖӘЛЕКЕ

1196
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары қоғам мәдениет
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Жан жылуын сыйлаған

Келесі жаңалық

Маңғыстауда тағы 3 адамнан коронавирус анықталды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Сайөтестегі ошақ бәйге: миллион Алмастың «Ханшайымына» бұйырды

    [ 2019 ] 15 қыркүйек, 17:45
    1534

    Ақтауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

    [ 2019 ] 1 қыркүйек, 13:56
    1392

    Рахат елдімекенінде мәдениет үйі салынып жатыр

    12 сәуір, 09:35
    445

    Маңғыстауда ақындар айтысы басталды

    26 наурыз, 17:13
    1057

    «Nauryz fest – 2021»: Ақтауда жас ақындар айтысы өтті

    17 наурыз, 16:47
    1329

    Жастар театры «Елім деп өткен ер Жалау» қойылымын сахналады

    17 наурыз, 10:31
    1189

    Рубрикалар

      Мұнайлы Ауыл өмірі анонс Редакция ұжымы Редакция газеттері Біле жүріңіз EXPO - 2017 Аудан тынысы Бейнеу Байланыс мәліметтері Түпқараған Мәселе

    Автордың басқа да жазбалары

    Маңғыстауда 2021-2030 жылдары балық шаруашылығын дамытуға бағытталған өңірлік бағдарлама жасақталды

    Кеше 16:30
    100

    Маңғыстауда 16 мыңнан астам адам екпе алды

    Кеше 16:20
    64

    26 сәуірден бастап қоғамдық тамақтану орындарында «Аshyq» мобильді қосымшасы іске қосылады

    Кеше 15:57
    62

    Қазақстанда волонтерлік қызметке қандай қолдау көрсетіледі

    Кеше 15:25
    84

    Қоғамдық кеңес отырысы өтті

    Кеше 15:10
    67

    «Батыс» өңірлік қолбасшылығының оқу полигондарында тазарту жұмыстары басталды

    Кеше 10:42
    107

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»