Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтаудағы облыстық мамандандырылған балалар үйінің тәрбиешілері мен қызметкерлерін Алғыс айту күніне орай ризашылығын білдірді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау қаласындағы балалар үйінде 26 бала тәрбиеленіп жатыр. Олардың үшеуі тұл жетім, қалғаны ата-ананың қамқорынсыз қалған не әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары.
Ағаштың өзі де жасынан қисық өссе, өмір бойы солай өседі. Ал, балалар түзу тәрбие алса, қоғамға берері мол. Осындай жауапкершілікті, адамның жанына жылулық ұялататын абыройлы жұмыс атқарып отырған сіздердің еңбектеріңіздің есесі осы бүлдіршіндер еліміздің мақтан тұтар азаматына айналуымен қайтсын. Мың алғыс, - деп Н.Қилыбай әр қызметкерге жылы лебізін жеткізді.