8 желтоқсан күні Маңғыстау облыстық «Азаматтық Альянсы» ЗТБ ұйымдастыруымен «Азаматтық бақылау. Мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу» атты семинар тренинг өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Шараға үкіметтік емес ұйымның, қоғамдық кеңестің, арнайы мониторингтік топтың мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушылар қоғамдық бақылауды іске асыру механизмдерімен, қоғамдық кеңестің жұмысымен танысты. Мемлекеттік сатып алу порталы және онда мониторинг жүргізу бойынша білімін жетілдірді.
Сонымен қатар тренинг барысында қатысушылар жинақталған ақпараттарды практикалық жұмыспен ұштастырып, ашық дерек көздерін зерделеп, мониторинг жүргізді.
Айта кетейік, жоба Еуразия қорымен жүзеге асырылатын Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау USAID бағдарламасының қолдауымен өтті.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суретті Маңғыстау облыстық «Азаматтық Альянсы» ЗТБ ұсынды