Маңғыстауда түсірілген "Орел и Решка" бағдарламасы жақында жарыққа шығады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Саяхат туралы танымал бағдарламаның үзіндісі әлеуметтік желіге шықты.
"Бағдарламаның кезекті шығарылымы 5 желтоқсан күні "Новый канал" телеканалында, 7 желтоқсан күні "Пятница" телеканалында көрсетіледі. Ал YOUTUBE каналға 8 желтоқсан күні шығады", - деп жазылған бағдарламаның инстаграм парақшасында.
Еске сала кетейік, қазан айында Маңғыстауға "Орел и Решка" бағдарламасының түсірілім тобы келгені туралы жазған болатынбыз.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА