Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Тұңғыш Президент күніне арналған көрме өтіп жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Көрмеде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен маңызды оқиғалар мен іс-шаралардан фотосуреттер топтамасы ұсынылды.
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қоғамдық байланыстар жөніндегі менеджері Әлия Асқарқызының айтуынша, облыстық мұражайда жыл сайын мереке қарсаңында «Балалық шағымның аспаны» - «Небо моего детства» көркем фильмі көрсетіледі. Фильм Елбасы өміріндегі нақты оқиғаларды бейнелейді, Ұлт көшбасшысының болмысы мен мінезінің қалыптасуы, оның жеңістері, үміттері мен армандары туралы баяндайды. Сондай-ақ бұл күндері басқа да фильмдер көрсетіледі. Атап айтқанда «Отты өзен», «Темір тау», «Көшбасшы жолы. Астана, «Елбасы жолы».
Мұражайда Бәйтерек монументінің құрылу тарихы тақырыбында экскурсиялар ұйымдастырылды.
Айта кетейік, мерекеге орай 1-4 желтоқсан аралығында тарихи-өлкетану мұражайында Ақтау қаласының мәдениет мекемелерінің өкілдері - кітапхана, қуыршақ және драма театрларының, мәдениет басқармасының қызметкерлері үшін экскурсиялар ұйымдастырылады.