Бүгін облыс әкімі Жаңаөзенге іс сапармен барды. Ол жылына 3 600 тонна қант шығаратын зауыттың ашылуына қатысты.
Зауыт облыстағы сұраныстың 30% қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.
Сонымен қатар аймақ басшысы мұнайлы қаладағы медициналық мекемелерді аралап, оң өзгерістерге тоқталды.
"Мемлекет басшысы айтқандай жаз айларындағы жағдай бәрімізге үлкен сынақ әрі сабақ болуы тиіс. Сондықтан аталған салаға барынша қолдау көрсетіп, жағдай жасау - басты мақсатымыз. Мемлекеттік "Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020" бағдарламасы бойынша провизорлық орталық толық жөндеуден өткен.
Сондай-ақ жедел-жәрдем станциясы жаңа көліктермен толықты. Екі бірдей медорталық дәл бүгін өз жұмысын бастаса, тағы бір жаңа жекеменшік емхана ашылды. Әрине, бұл клиникалар медицина саласынының сапасын арттыруға үлкен сеп болады деген сенімдемін", - дейді облыс әкімі Серікбай Трұмов.
Жаңаөзендегі көпсалалы аурухананың бас дәрігері Мұрат Сарыевтің құрметіне арнап ескерткіш тақтасы орнатылды. Мұрат Жарылғапұлы қиын кезде өзгелердің өмірі үшін күресіп, соңғы сәтке дейін өз мамандығына деген адалдығын көрсеткен болатын.
Сондай-ақ бүгін "Қазақ Газ өңдеу Зауытының" қуатын арттыруға қажетті электр энергиясын өндіретін кәсіпорын пайдалануға берілді. Құны - 5,4 млрд теңге. Енді аталған кәсіпорында 50 адам жұмыспен қамтылады.
Суреттерді түсірген С. МАЙЕМЕРОВ