• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 24 Қара. 2020

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

«Бозжыра сафари»: Туризмге қақпа аштық па әлде табиғатқа қастық па?...

Оспан Қазақбаев жайында екі ауыз сөз айтар ем......

25 қарашадан бастап карантин күшейтіледі – жалған...

Көрінбейтін жаумен айқас

Жаңаөзенде «Түнгі қаладағы балалар» атты рейд жүргізілді...

  • USD: 424.49 ₸
  • EUR: 504.51 ₸
  • RUB: 5.59 ₸

Ақтау тұрғыны қыста суға шомылудың қыр-сырымен бөлісті

20 қазан, 15:55  |  Маңғыстау жаңалықтары

«Бірінші байлық денсаулық», «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген екен дана халқымыз. Адам баласының ең басты байлығы – ол денсаулығы, сондықтан күйбең тіршіліктің қамын күйттей бермей, күніне бір мезгіл спортпен шұғылданған абзал екені айтпаса да баршаға аян. Кейбір жандар тән саулығына қатты мән бере қыстың қытымыр аязына қарамастан, мұп-мұздай суға күмп етіп, денесін физикалық тұрғыда шынықтырып жатады. Аптаның жұмыс күндері бас алмастан қызмет атқарып сенбі-жексенбі күндері шаршағындықтан бой сергітіп, таң ата жұрт шырт ұйқыда жатқанда таза ауаға серігіп қайту үшін теңіз жағалауына серуендеп бара қалсаңыз әр-әр жерден айдынға түсіп жүрген жандарды кезіктіріп қаласыз.

Осы орайда, қызықты тақырыпты кеңінен жеткізу үшін бізге қыста суға шомылудың қыр-сыры туралы көп жылдар бойы суға түсуші морж, Ақтау қаласының тұрғыны Тұрар Әбдиев кеңінен тарқатып айтып берді.

- Адам баласы бір сәтке болса да өзіне әрі денсаулығына бейжай қарамай көңіл бөлуі қажет екенін білесіз. Бірі спортпен шұғылданса, енді бірі спортқа тәнті болмайды. Көп ретте ұзақ жасаудың қыр-сырын айтып жатамыз ғой, адам өз-өзіне ұқыпты қарап, таза ауада серігіп, тамақтану әдебі, ұйқы, көңіл-күйдің әсері осының бәрі адам ағзасына тікелей қатысы бар дүниелер екенін жақсы білесіздер. Әкем жарықтық «ақшаға бәрін сатып аларсың, бірақ денсаулық ешуақытта ақшаға берілмес» деп ылғи айтып отыратын еді. Сол сөз құлағымда осы күнге дейін жаңғырып тұрады. Мен Атырау облысы (бұрынғы Гурьев) Құлсары қаласының тумасымын. Ақжайықтың жағасында өскеннен болар теңіз, өзен, көл десе жаныма магниттей тартып тұрады. Киелі өлке, құлазыған маңғаз Маңғыстау жеріне жұмыс барысымен келгесін Каспий теңізіндей жерді алғаш көргенімде ерекше әсер сыйлағандай болған еді. Міне, енді 30 жылдың жүзі болып қалыпты, күні бүгінге дейін қысы-жазы теңізге түспей таң атырып, жұмысқа бармайтын «дәстүрмен» келемін. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген ғой, ата – бабаларымыз. Сол сынды ауырмайтын жол іздеп, әр күн сайын жаттығулар жасап, таңертең ерте тұрып, теңізге барып 2-3 рет түсіп алып, жұмысқа жақсы көңіл күймен, мол энергиямен беттеймін. Бұл әдіс мен үшін үйреншікті дағдыға айналып кеткелі қанша жыл болды. Құдайға шүкір осы күнге дейін ешқандай ауырып көрген емеспін, - дейді көп жылдар бойы суға түсуші морж, Ақтау қаласының тұрғыны Тұрар Әбдиев ағамыз.

Айта кетейік, Тұрар Тәңкіліұлы - 1956 жылы Атырау облысы Құлсары қаласында дүниеге келген. Медицина оқуын тәмамдаған ол Маңғыстау түбегіне 1979 жылы жолдамамен шақырылып, облыстық стоматология емханасында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етеді. Бүгінде зейнет жасына шыққан ағамыз, үйде отырмай кәсібін өркендетіп, Ақтау қаласында жеке стоматология орталығын ашып, халыққа қызмет көрсетіп келеді.

Иә, шынында бірінші байлық денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол адам өміріндегі ең бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарауы қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керектігі даусыз.

Әлемге әйгілі ойшыл-данышпан әл-Фараби «Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек» дегендей, өз уақытында баға жетпес денсаулығына мән берген адам ұзақ ғұмыр кешудің кілтін табары сөзсіз. Денсаулыққа қазірден мән берейік!

Кенжебек СЕРЖАНҰЛЫ

Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН

428
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау жаңалықтары
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасы іске қосылғалы 1500 адамның өтініші мақұлданды

Келесі жаңалық

Маңғыстауда жедел жәрдем автопаркі жаңа 20 автокөлікпен толықты

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Тамара Асар ЭКСПО-ға шақырады!

    [ 2017 ] 12 шілде, 10:07
    1093

    ЭКСПО 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілер қалай іріктелініп алынды?

    [ 2017 ] 14 маусым, 05:26
    991

    "Ралли Қазақстан-2017" 4-кезең! Маңғыстаулық Юрий Сазонов нәтижесін жақсартты!

    [ 2017 ] 25 мамыр, 05:54
    738

    "РАЛЛИ ҚАЗАҚСТАН-2017" Тартысқа толы ІІ этап (ФОТО)

    [ 2017 ] 23 мамыр, 05:59
    863

    Ақтауда Ралли рейд Әлем Кубогының I этабы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

    [ 2017 ] 21 мамыр, 16:07
    1182

    Карантинде той ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды

    11 тамыз, 12:01
    771

    Рубрикалар

      Астана - 20РедакцияӘдебиетБайланыс мәліметтеріТағайындауЖарнамаМәселеМұнайлыРедакция ұжымыҚарақияХабарландыруРедакция туралы

    Автордың басқа да жазбалары

    Н. Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті

    Бүгін 17:58
    34

    Қырымбек Көшербаев Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия отырысын өткізді

    Бүгін 16:45
    38

    Маңғыстауда «New wave» жобасы іске асуы мүмкін

    Бүгін 15:22
    99

    Е. Тоғжанов COVID-19 қарсы отандық вакцина шығаратын зауыттың салыну барысымен танысты

    Бүгін 11:21
    54

    А. Мамин: елдегі экологиялық ахуалды жақсарту — Үкіметтің басым міндеті

    Бүгін 09:35
    56

    Қазақстанда 678 адам коронавирус жұқтырды

    Бүгін 09:18
    60

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»