Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 14 адам тіркелді. Ақтау қаласында - 9, Жаңаөзен қаласында - 2, Бейнеу ауданында – 1, Мұнайлы ауданында - 2, деп хабарлайды МО ҚКО.
4 науқас бұрын КВИ індетін жұқтырған адамдармен байланыста болды. 3 науқастан вирус дәрігерге қаралған кезде және 7 науқас скринингтік тексеру кезінде анықталған. Науқастар бірден жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Қазіргі таңда бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
14 науқастың біреуі - «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қызметкері. 10 маусым «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС өндірістік емес бөлімшесі қызметкерінде зертханалық тексерулер нәтижесінде COVID-19 вирусы бары анықталды. 3 маусымнан бері аталған қызметкер уақытша жұмысқа жарамсыз деп танылып, ем қабылдауда. Жұмыс орнында соңғы рет 2 маусым күні болған. Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұсынысымен науқаспен байланыста болған тұлғалар уақытша қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылған. Медициналық мекеменің қызметкерлері тікелей байланыста болған тұлғалардан COVID-19 вирусына сынама алатын болады. Талдау нәтижелеріне қарай өкілетті қызметтер аталған қызметкерлерді одан әрі оқшаулау тәсілдерін таңдау туралы шешім қабылдайтын болады. Кәсіпорын штаттық режимде жұмыс жасап тұр. Қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар орындалуда.
Тағы бір науқас – Мұнайлы ауданының орталық емханасының қызметкері. Қазір ол облыстық обсервациялық стационарға жатқызылды. Ал, орталық аудандық емханасы карантинге жабылды. Індеттен сақтандыру мақсатында жаппай залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Мұнайлы аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау басқармасының рұқсат етілуінен кейін өз жұмысын жалғастыратын болады.
11.06.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 357 адамнан COVID-19 вирусы анықталды.
Ақтауда – 91
Жаңаөзенде – 34
Маңғыстау ауданында – 15
Мұнайлы ауданында – 21
Қарақия ауданы – 47
Бейнеу ауданында - 142
Түпқараған ауданында – 7
Жазылып шыққаны – 200
Қайтыс болған – 2