Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды, 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 24 бабы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам өзі қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабар береді.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.
Осы тармақтың ережелері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы көрінеу жалған ақпаратты хабарлаған адамдарға қолданылмайды, олар заңға сәйкес жауапты болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және заңда белгіленген тәртіппен ұсынылады. Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауапкершілікке әкеледі.
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғаларының тарапынан туындаған заңсыз әрекеттеріне (әрекекетсіздік) қайшылық туған жағдайда, сіздер мына Сенім телефонына қоңырау соғып, хабарласуларыңызға болады: (7292) 30-10-03.