Облыстық штабтың шешімімен Ақтау қаласы аумағында орналасқан екінші деңгейлі банк бөлімшері, супермаркеттер және гипермаркеттердегі карантин кезіндегі сақтық шараларына рейдтік тексеріс жүргізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық әкімдігіне сілтеме жасап.
Тексеріс нәтижесінде банк бөлімшелерінде қызмет алушылардың арақашықтығы қадағаланып, тиісті шаралар ережеге сәйкес жүрізілетіні анықталды. Алайда, «Хоум Кредит» бөлімшесінің алдында тұрғындар кезектегі тәртіпті сақтамай, бір біріне тығыз тұрғандығы анықталды. Сақтық шаралары орындалмауына байланысты банк әкімшілігіне ескерту жасалды.
Сонымен қатар, жұмыс тобы «Дина» және «Анвар» гипермаркетерінде болды. Карантин кезінде дүкенде тұтынушы санының көптігі анықталды. Касса аппараттарындағы кезекте 1 метр арақашықтық сақтамалмаған. Аталған сауда орындарының әкімшіліктеріне ауызша ескерту жасалып, қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ал, рейд нәтижесі көрсеткендей «Алтын фуд», «Дана» және «Гуд» супермаркеттерінің шағын аудандардағы сауда нүктелерінде сатып алушылар легі аз болғандықтан режим шаралары тиісті деңгейде атқарылып жатыр. Рейдтік топтар, сауда орын әкімшіліктеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды. Рейдтік жұмыстар карантин режимі аяқталғанға дейін жалғасатын болады.