«Атамекен» ҰКП іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен ел көлемінде енгізілген төтенше жағдайға байланысты өңірдегі бірқатар аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық дизайнерлер бірлестігі үйден қызмет алатын жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі 48 отбасыға азық- түлік, көпреттік қолданылатын бетперде мен медициналық жабдықтар берді. Бұл – Маңғыстау облыстық іскер әйелдерінің алғашқы көмегі емес. Елде орын алған қиын кезеңде нәзік жанды кәсіпкерлер алғашқылардың бірі болып көмек көрсетіп, бетперде тігіп таратқан болатын.