Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Биылғы жылдың наурыз, сәуір айларында жолтаңбасын сызу жұмыстары төмендегі мекен-жайлар бойынша жүргізілді:
- Ақтау - Әуежай жолы – «Кездесу» жанар-жағармай құю бекеті;
- № 26 автомобиль жолы, «Кездесу» жанар-жағармай құю бекетінен № 105 маршруттық автобустың соңғы аялдамасына дейін;
- № 31 автомобиль жолы, № 105 маршруттық автобустың соңғы аялдамасынан Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасына дейін;
- № 24 автомобиль жолы, Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасынан «Грин парк» тұрғын-үй кешені № 15 автомобиль жолы қиылысына дейін;
- № 8 автомобиль жолы, «Парус» спорт кешінен Ақбота саябағына дейін;
- № 10 автомобиль жолы, 2 шағынаудан «Дана» супермаркетінен 6 шағынаудан «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ дейін;
- № 10 «а» автомобиль жолы, 4 шағынаудан 55 үй маңынан 4 шағынаудан 40 үй маңына дейін;
- № 4 автомобиль жолы, «Мағаш» саунасынан 2 шағынаудан «Шағала» қонақ үйіне дейін;
- № 1 автомобиль жолы, «Adver» жарнама агенттігінен «Рахат» сауда үйіне дейін;
- № 5 автомобиль жолы, «Рахат» сауда үйінен 1 шағынаудан «Строймарт» құрылыс дүкеніне дейін;
- № 6 автомобиль жолы, Тергеу изоляторынан (СИЗО) «Орбита» гаражына дейін;
- № 19 автомобиль жолы, «Тамшалы» тұрғын-үй кешенінен № 24 автомобиль жол қиылысына дейін (20 шағынаудан);
- № 14 автомобиль жолы, 22 шағынаудан айналма жолы «РусКаз» базарынан «Ақ отау» мейрамханасына дейін;
Қазіргі таңда, № 15 автомобиль жолы «Грин парк» тұрғын-үй кешені маңында жолтаңбаларын сызу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 10 жұмысшы жұмылдырылды.