Бұл туралы Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық ішікі саясат басқармасының басшысы Ержан Күмісқалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
ҚР Мемлекеттік Бас санитарының 2020 жылдың 14 сәуір күнгі №33 ПГВр қаулысына сәйкес, облыстық штабтың шешімімен және сауда орындары басшылығының келісімімен Ақтау қаласының эпидемиологиялық жағдайын тұрақты ұстау мақсатында келесідей ірі сауда орындарының жұмыс режиміне өзгерістер енгізіледі:
1. Ақтау қаласындағы азық-түлік сататын ірі сауда орындары, атап айтқанда:
- «Дина» гипермаркеті (33 ш/а), 17.04.2020 бастап, 9:00 – 17:00 аралығында қызмет етеді;
- «Анвар» гипермаркеті (Шығыс-2 ш/а) 17.04.2020 бастап, күнделікті сағат 9:00 – 17:00 аралығында қызмет етеді;
- «Асар-С» базарының жұмыс уақыты 18.04.2020 жылдан бастап, сағат 6:00 – 11:00 аралығында белгіленеді;
- «Мағаш» базарының («Сары» базар) жұмысы 20.04.2020 жылдан бастап, уақытша тоқтатылады.
Ал қалған азық-түлік дүкендері бұрынғы режимінде жұмыстарын жалғастырады.
2. Ақтау қаласындағы ірі және орта кәсіпорындар мен мекемелердің қызметтік автокөліктердің саны 50%-ға дейін қысқартылады.
3. Рұқсат берілген такси қызметінде жұмыс жасайтын автокөліктердің саны 50%-ға қысқартылады.