Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Ұлыстың ұлы күні 22 наурызда Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында 12 ұл және 12 қыз бала дүниеге келді. Жаңа туған сәбилердің арасында екі егіз бар.
«Мереке күні кезекшілік тыныш өтті. Жеке өзімнің және ұжымның атынан кішкентай ханшайымдар мен болашақ Отан қорғаушыларды өмірге әкелген аналарын, сонымен қатар үйлерінде күтіп отырған әкелерін шын жүректен құттықтаймыз», - деді орталық директоры Жамал Жаманбаева.
Кішкентай сәбилер мен аналарының жағдайлары жақсы. Медициналық мекемеде оларға барлық жағдай жасалған.