Сарман Өркен бүгінгі сайлауда «Amanat» партиясының атынан бақылаушы болып Ақтау қаласындағы 26-шағынауданда орналасқан №42 учаскеге тіркелген. Оның айтуынша сайлау барысында құқықбұзушылықтар тіркеліп жатқан жоқ, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Сарман Өркеннің айтуынша, таң атысымен учаскеге келіп, дауыс беріп, өз таңдауын жасаған азаматтар қатары көп. Халықтың көңіл-күйі көтеріңкі, Амал мейрамымен тұспа-тұс келген сайлау күні біріне-бірі жақсы ниет-тілектерін білдіріп, сәттілік тілеуде. Мәселен, дауыс берушілердің қатарында өңірдің білім беру саласында 40 жылдық еңбек өтіліне ие тәжірибелі ұстаз да бар. Азаматтардың саяси белсенділігі үлкен өзгерістердің орын аларына үмітті екендіктеріне дәлел болмақ.
-Бүгін - барша қазақстандықтар үшін өте маңызды күн. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, өз дауысын бергені жөн. Бұл жолғы сайлау еліміздің келешегінінің өзгеруіне септеседі деген сенім мол. Менде дауысымды беріп өз таңдауымды жасадым, - дейді Сарман Өркен.