Өңірдегі ресурстық орталығының мамандары мен еріктілер қайырымды іспен айналысты. Олар көру қабілетінен айырылған жандарға «Қыз Данайдың қырғыны» атты кітап оқып берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл кітапхананың тұрақты оқырмандары бар. Жиналған 10 шақты оқырман кітапты тыңдап, оқиға желісімен танысты. Сондай-ақ, өзекті тақырыптарды өзара талқыға салып, қызу пікірталас жүргізді.
Кітапхана қызметінің негізгі мақсаты ерекше жандарға көмектесіп, есте қаларлықтай әсер сыйлау. Ең маңыздысы - зағип жандардың бір-бірімен қарым-қатынас орнатуына атсалысу.
Сондай-ақ, М. Мақатаевтың туған күніне орай ақынның жырлары оқылды. Алдағы уақытта ерекше жандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.
Айта кетейік, кітапханада көзі нашар көретін, зағип жандарға қызмет ету 1971 жылдан бері жалғасып келе жатыр.