Қазақ боксшысы Оразбек Асылқұлов Софияда (Болгария) кіші әлем чемпионаты деп те аталатын Странджа халықаралық турнирінің жартылай финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
57 келіге дейінгі салмақта жартылай финалдық кездесуде Асылқұлов армениялық Артур Базеянмен кездесіп, оны төрешілердің шешімімен жеңді.
Осылайша Оразбек Асылқұлов 2023 жылғы бокстан кіші әлем чемпионатының финалына шығып, алтынға таласпақ. Ол Қазақстан ерлер құрамасының бірінші финалисті атанды. Сондай-ақ бүгін Нұрқанат Райыс (75 келі) финалға шығу үшін күреседі - ол болгар боксшысы Киван Рамимен кездеседі. Оразбек Асылқұловтың 2021 жылғы Қазақстан чемпионы атанғаны тағы бар.
Қарсыласына келетін болсақ, Артур Базеян 2022 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.