Өткен сенбіде МО ІСБ «Қоғамдық келісім» Жаңаөзен қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастырумен «Таза табиғат» акциясы аясында қалада түрлі этнос өкілдерімен ағаш отырғызды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ұлттық Ұланға сілтеме жасап.
«Жасыл үй» челленджін қолдау мақсатында «Достық кабинеті орналасқан «Неке сарайы» ғимараты жанындағы саябақ көгалдандырылды. Онда өрік, алма, шие, шабдалы жеміс ағаштары отырғызылды. Шараға қаланың құрметті азаматы, қоғам қайраткері Жұлдыз Мұханбетқалиқызы және 5548 әскери бөлімінде Отан алдындағы борыншын өтеп жүрген әртүрлі ұлт өкілдері қатысты.