Рейтингті құру кезінде сарапшылар елге визасыз кіре алатын немесе келгеннен кейін оны ала алатын мемлекеттердің санын ескерген деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Passport Index-ке сілтеме жасап.
Рейтинг бойынша 77 елдің азаматтары Қазақстанға алдын ала визасыз келе алады. Қазақстан Мароккомен 54-ші орынды бөлісті.
Өзбекстан Орталық Азиядағы ең қонақжай мемлекет болып, 25-орынға тұрақтады. Тәжікстан 49-шы, Қырғызстан 53-ші орында.
Рейтингтегі бірінші орынды әлемнің 198 елінің азаматтарын қабылдайтын 22 мемлекет бірден алды. Олардың ішінде Боливия, Гвинея, Ангола, Тувалу, Мальдив аралдары, Кот-д'Ивуар, Камбоджа, Нигерия, Оңтүстік Судан, Сомали және т.б.