2022 жылы Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің азық-түлікке жүргізген мониторинг нәтижесінде 2 құс етінен сальмонелла «С» тобының қоздырғышы табылған,-деп хабарлайды mangystaumedia.kz департаментке сілтеме жасап.
Департамент мамандары 2 мыңнан астам азық-түлік өнімінен сынама алған. Нәтижесінде 119-ы Кедендік Одақ ТР талаптарына сәйкес еместігі анықталған. Атап айтқанда, құс еті өнімдерінің 3 сынамасында микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер анықталды, атап айтқанда мұздатылған бройлер тауық балапанының (Қазақстанда өндірілген) бір сынамасынан ішек таяқшалар тобының бактериялары және шетелдік құс етінің 2 сынамасынан сальмонелла «С» тобының қоздырғышы табылды.
- Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша талапқа сәйкес келмейтін сапасыз азық-түлікті пайдалану - тағамнан уланулар мен түрлі ішек инфекцияларына алып келуі мүмкін. Сондықтан, шиізаттар мен жартылай шикізат өнім түрлерін пайдаланар алдында міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізу және жеке бас гигиенасын сақтау қажет,-делінген хабарламада.
Азық-түлікке жүргізілген мониторинг нәтижесінде техникалық регламенттің талаптарына сәйкес келмеген жалпы құны 1 852 016,6 теңгені құрайтын 709,83кг. сапасыз тағам өнімдері сатылымнан алынып тасталды.