"Жайлы мектеп" ұлттық жобасын әзірлеу кезінде бұрын мектеп салу кезінде туындаған проблемалар ескерілді. Бұл туралы Білім вице-министрі Айбат Ілиясов Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz "ҚазАқпарат"газетіне сілтеме жасап.
"Ұлттық жобаның айрықша ерекшелігі - мектептерді «кілтпен» салу және тапсыру, яғни салынған мектептер оқу үдерісі үшін қажетті жабдықтармен және кабинеттермен толық жарақтандырылатын болады. Салынып жатқан мектептер оқу процесін ұйымдастыру кезінде оқушылар мен педагогтарға қолайлы жағдай жасау үшін қажетті заманауи жабдықтармен, жиһаздармен, интернетпен қамтамасыз етіледі", - деді Айбат Ілиясов.
Ведомствоның мәліметінше, жаңа мектептер салу кезінде:
- мектептер жиһаздың толық жиынтығымен қамтамасыз етіледі, оқушылар үшін жеке шкафтар, жылжымалы үстелдер-трансформаторлар көзделетін болады;
- ұлттық стильді ескере отырып, мектеп кеңістігінің заманауи эстетикалық тартымды көрінісі (ішкі безендіру) ;
- әр мектеп заманауи пәндік кабинеттермен, интерактивті құрылғылармен жабдықталады, әр кабинет кем дегенде бір компьютермен, TOUCH/LED экранмен жабдықталады, Интернетке жылдам қосылу қамтамасыз етіледі;
- оқу үдерісі үшін зертханалар, интеллектуалдық кабинеттер, STEM-зертханалар қарастырылған;
- еңбек оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін тиісті жабдықтары бар әмбебап шеберханалар мен студиялар, бастауыш кәсіптік білім беруге арналған кабинеттер (тігінші, аспазшы, it, ұста және басқалар) көзделген;
- оқу-тәрбие іс-шараларын өткізу үшін трансформациялау мүмкіндігі бар әмбебап акт залы, сондай-ақ кітап қоймасы мен оқу залы, медиатека, электрондық кітапхана, әр қабатта оқуға және демалуға арналған коворкинг-аймағы бар кітапхана көзделген;
- мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін арнайы жағдайлар жасалатын болады;
- мұғалімдерге арналған жабдықталған жұмыс аймақтары, мұғалімдер, рекреациялар, кітапханалар және басқа жерлерде орналасқан.
"Мектептерді салу, сондай-ақ оларды жиһазбен және жабдықтармен жарақтандыру кезінде отандық тауар өндірушілердің қатысуы басым қаралатынын атап өткім келеді", - деп толықтырды Айбат Ілиясов.