Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың айтуынша, Ақтаудағы МАЭК-тің тоқтауына байланысты автоматты қорғаныс жүйесі жұмыс істеп тұр. Бүгінде электр қуатын беру қалпына келтірілуде. Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық бұзушылықтар анықталған жоқ, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
– Жанар-жағармай тапшылығы болмайды. Жанармай қоры бүкіл республикаға жетеді.
- Барлық мұнай өңдеу зауытын тоқтату туралы болжамдар шындыққа жанаспайды.
- Қазірдің өзінде апаттың себептерін анықтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Кінәлілер жауапқа тартылады.
– Маңғыстау облысының әкімдігі МАЭК-тің қолданыстағы жабдықтарын іске қосу және жаңғырту бойынша шаралар қабылдауы қажет.
– Энергетика министрлігі «KEGOC» АҚ-пен бірлесе отырып, Батыс энергетикалық орталығының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуі керек.
- Энергетика министрлігі, Ішкі істер министрлігі және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі алыпсатарлық және жанар-жағармайдың тапшылығын қолдан жасау фактілерін тоқтатуы керек.