Көктемнің ең алғашқы айында қазақстандықтар екі мемлекеттік мерекені атап өтеді. Алғашқысы - Халықаралық әйелдер күні және 21-23 наурыз аралығында тойланатын мерекелер бар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Халықаралық әйелдер күні мерекесі жұмаға сәйкес келеді. Сондықтан бес күндік жұмыс аптасында барлық қазақстандықтар үш күн демалады. Сәйкесінше, 8, 9 және 10 күндері. Ал, аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 8 және 10 наурызда демалады.
Сонымен қатар, елімізде 21-23 күндері Ұлыстың ұлы күні тойланады. Осы аралықта, 23 наурыз сенбіге сәйкес келетіндіктен, дүйсенбі күні де демалыс беріледі. Қорытындылай келе айтар болсақ, қазақстандықтар наурыз айында - 21, 22, 23, 24 және 25 күндері демалады. Ал, алты күндік жұмыс аптасында-төрт күн: 21, 22, 23 және 24 наурыз қосылады.