26 қараша күні Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ұлықтау рәсімінің трансляциясы республикалық телеарналардан, интернет-ресурстардан, сондай-ақ "Ақорданың" әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Көрсетілім Астана уақыты бойынша сағат 10:50-де басталады.