Қазгидромет 13-15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
13-14 ақпанда фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз болады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, солтүстік өңірлерде қалың қар жауады, бұрқасын, көктайғақ болу қаупі бар.
Сондай-ақ ауа температурасы батыста 5 аяз -5 жылыға дейін, солтүстік, орталық шығыс өңірлерде 5 аяз-2 жылыға дейін жоғарылайды. 15 ақпанда циклон Қазақстан аумағынан жылжып, оның соңынан арктикалық антициклон енеді, ол аязды республиканың солтүстік жартысына қайтарады.
Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанда ауа температурасы түнде 22-32, күндіз 15-27 аязға дейін төмендеуі мүмкін. Еліміздің қалған аумағында температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.