Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 11 қаңтардағы мәлімет бойынша елде коронавирустық инфекцияның (КВИ+) 175 жаңа жағдайы анықталды. 9 науқасқа пневмония белгілері бар КВИ (КВИ -) диагнозы қойылды. Ал бір науқас қайтыс болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгінгі күні короновирустан емделуді 2 400 адам жалғастыруда, оның ішінде стационарларда – 240 науқас , амбулаториялық деңгейде – 2 160 науқас емделуде.
Ауыр жағдайда - 8 науқас;
Аса ауыр хәлде -7 науқас;
ӨЖЖ аппаратында 4 науқас жатыр.