Соңғы күндері әлеуметтік желіде зейнетақы мөлшері 90 мың теңгеден төмен болса, қосымша 60 мың теңге қосылып беріледі, ал 140 мың теңгеден төмен болса, 22 мың теңге қосымша ақша беріледі деген ақпарат тарады. Әрі сол үшін құжат тапсыру керек екені жөнінде айтылған. STOPFake Mangystau телеграм арнасы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәлемдеуінше, жыл сайын зейнетақы мен жәрдемақы бағаның инфляция индексіне байланысты үрдіс өсімі жүргізіледі.
- «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап: Жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5 %-ға алынған мөлшерінен артты.
Жаңадан тағайындалған жасына байланысты зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілетін кірістің ең жоғары мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 46 еселенген АЕК-тен 55 АЕК дейін өседі,- дейді басқарманың жауапты өкілі.
Сондай-ақ зейнетақыларға қосылатын арттырулар автоматты түрде жүргізілетін болады. Яғни, қосымша құжаттар тапсырудың қажеті жоқ.