Мәжіліс депутаттары газ бағасын мемлекеттік реттеуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сұйытылған газ айналымын реттеу процестерін реинжинирингтеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме бере отырып.
Заң жобасын депутат сұйытылған мұнай газы айналымын реттеудің заңнамалық базысын өзгерту мақсатында әзірлеген.
"Сұйытылған мұнай газының бағасы 2022 жылдың қаңтарында наразылық шеруінің себебіне айналды. Бағаның тұрақсыздығы, саланың бұлыңғырлығы, әділетсіз делдалдық, көлеңкелі экспорттың үлкен көлемдері салдарынан халыққа жанармайдың жасанды тапшылығы болды», - дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева.
Оның айтуынша, заң жобасы сұйытылған газ нарығындағы барлық процестерді барынша автоматтандыруға және цифрландыруға бағытталған.
Нарық субъектілері енді фискалдық деректер операторына көлемдер, баға және бөлшек сауданың нақты орны туралы ақпаратты беруге міндетті болады.
Сондай-ақ сұйытылған газ нарығының инфрақұрылымдық объектілерінің – өндірістік кешендердің, жанар-жағармай құю станцияларының, газ толтыру пункттерінің және басқаларының функционалдық мүмкіндіктері нақтыланды, жергілікті атқарушы органдардың облыс ішінде газ лимитін бөлуге жауапкершілігі күшейтілді. Саланы цифрландырудан кейін деректерді талдау негізінде ақпараттық жүйеде тарату процесі жүреді деп күтілуде.
2022 жылдың қаңтар айының басында Қазақстан қалаларында сұйытылған газ бағасының көтерілуіне байланысты жаппай наразылық шерулері жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Президент үкіметтік комиссия құрып, газ бағасын төмендету туралы шешім қабылдады. Соған қарамастан наразылықтар жалғасты. 5 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің отставкасын қабылдады. Кейбір қалаларда рұқсат этілмеген әрекеттер қауіпсіздік күштерімен қақтығыстарға, тонауға ұласты. Елде төтенше жағдай режимі англізілді.