Құрылыс саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісінде тойланады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл мерекенің тарихы Кеңес Одағы кезінен басталады. 1955 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен жаңа кәсіби мереке белгіленді. Екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін мемлекетті қалпына келтірген, Отан игілігі үшін еңбек еткен құрылысшылардың еңбегіне мемлекет тарапынан құрмет көрсетілді.
Дәстүр бойынша бұл күні немесе бір күн бұрын құрылыс саласының ардагерлері құттықталып, алдыңғы қатарлы құрылыс компаниялары мен салада еңбек сіңірген қызметкерлер марапатталады. Осы мақсатта «Құрметті құрылысшы» төсбелгісі тағайындалды.