Алматының жоғары оқу орындарында оқитын Ақтау студенттері жер сілкінісі сабақта отырғанда болғанын айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
"Біз 7-қабаттағы аудиторияда сабақта отырдық. Кенеттен үстел қатты шайқалды. Біз жүгіріп көшеге шықтық", - дейді студенттердің бірі.
Оның айтуынша, бұл жолы бірнеше ай бұрын Алматыда болған жер сілкінісінен де күшті болған.
Қазір Алматы көшелерінде адамдар көп.